(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ САЛАЛАРЫН...

Осы редакция 2016 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 276 бұйрығына

5-қосымша

 

 
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды
және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап - 51 (елу бір) жұмыс күнін құрайды;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат берілгенең көп уақыты - 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.