«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9988 болып тіркелген; «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қантарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларында:

7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) доп, граната лақтыру - ені 10 метр кез-келген тегіс алаңда өткізіледі;»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін тапсыру жазғы спорт түрлері бойынша сәуір-қазан айларында, қысқы спорт түрлері бойынша ақпан-наурыз айларында өткізіледі.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.