«Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрiнің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 16 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12464 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Абоненттік нөмірді көшіру реципиентке қызмет көрсету пунктіне абоненттің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге өтінімді (бұдан әрі - өтінім) беруі арқылы жүзеге асырылады.
Абоненттің таңдауы бойынша абоненттік нөмірді көшіру күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады.
Кейінге қалдырылған өтінім бойынша абоненттік нөмірді көшіру мүмкіндігі абоненттің өтінімінде көрсетілетін күнге сәйкес жүзеге асырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Абоненттік нөмірді көшіру мынадай шарттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) реципиентпен АНОДҚ-ға ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге сұраудың дұрыс толтырылуы. Бұл ретте, дұрыс толтыру өтінімге сәйкес сұраудың дұрыс және анық толтырылуын білдіреді;