Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 Қаулысы
(2022.23.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 63) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарлары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 357 Қаулысымен іс-қимыл жоспары өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.14.01. № 8 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.10.10. № 801 Қаулысымен іс-қимыл жоспары өзгертілді (2022 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 486 қаулысына
1-қосымша
Жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі
іс-қимыл жоспары