Майларды, полимерлік, әйнек, қағаз және (немесе) картон қаптамаларды, аккумуляторлық батареяларды өндірушілердің оларды өндіру үшін Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және кәдеге жаратылған пайдаланылған майлардың, пластмасса, әйнек, қағаз және картон қалдықтарының, пайдаланылған аккумуляторлық батареялардың кемінде отыз пайызын пайдалануын растау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 253 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 386-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Майларды, полимерлік, әйнек, қағаз және (немесе) картон қаптамаларды, аккумуляторлық батареяларды өндірушілердің оларды өндіру үшін Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және кәдеге жаратылған пайдаланылған майлардың, пластмасса, әйнек, қағаз және картон қалдықтарының, пайдаланылған аккумуляторлық батареялардың кемінде отыз пайызын пайдалануын растау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.