«Банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу қағидаларын, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болу өлшемшарттарын, жүзеге асырылудың үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың болу өлшемшарттарын, сондай-ақ банкті залалға ұшырататын нарықтық емес шарттарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 118 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу қағидаларын, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болу өлшемшарттарын, жүзеге асырылудың үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың болу өлшемшарттарын, сондай-ақ банкті залалға ұшырататын нарықтық емес шарттарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 118 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 91-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу қағидаларын, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болу өлшемшарттары, жүзеге асырылудың үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың болу өлшемшарттары, сондай-ақ банкті залалға ұшырататын нарықтық емес шарттарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесі бекітілсін.

2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.