«Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 168 бұйрығы

«Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 168 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін айқындаған кезде өлшеу ауытқуы ескеріледі, ол көлік дерекқорының ақпараттық-талдамалық жүйесімен және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингімен (бұдан әрі - КДҚ АТЖ) автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен автоматты түрде шегеріледі.

Жіберілетін қателіктің шегі осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.»;

мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

«6-2. Автокөлік құралының қозғалысындағы автоматтандырылған өлшеу станциялары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс.»;

8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) деректерді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталыққа (бұдан әрі - Ахуалдық орталық), ИКЖ және КДҚ АТЖ-ге жіберу;»;

14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар:

1) автоматтандырылған өлшеу станциялары орналасқан аумақты, сондай-ақ автокөлік құралдарын орналастыруға арналған тұрақ орындарын сыртқы жарықтандыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.