(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ, М...

Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы

(2024.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.23.04. № 179 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.03.07. № 194 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.23.04. № 179 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.03.08. № 246 бұйрығымен (2023 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.