«Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 289-Ө бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 289-Ө бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 166-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

Орыс тіліндегі мәтін алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілді

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ә. Қуантыров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және

дамыту агенттігі

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи

ресурстар министрінің

2026 жылғы 4 қарашадағы

№ 289-Ө бұйрығына

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.