«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 21 мамырдағы № 134-Ө бұйрығы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 347-ө бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27179 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларының 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
1) Комитет төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
2) Комитет төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын:
экологиялық бақылау басқармасының басшысы;
мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары;
Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшылары;