«Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 2 шілдедегі № 454 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 2 шілдедегі № 454 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысының 15-тармағының 261) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысының 15-тармағының 261)-тармақшасына сәйкес әзірленді және өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін (бұдан әрі - тізілім) ұсыну тәртібін айқындайды.»;

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.