«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 367 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 367 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электр желілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 283) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр желілік қағидаларда:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы Электр желілік қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі - Ереже) 15-тармағының 283) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) баланстық тиесілік - энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушының меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі электр желісінің учаскесі;

2) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;

3) желіні пайдаланушы - ұлттық электр желісіне қуаты 1 мегаваттан (бұдан әрі - МВт) жоғары қосу нүктесі бар электр энергиясын тұтынушы;

4) жоғары кернеу - 1000 Вольт (бұдан әрі - В) және одан жоғары кернеу;

5) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі - ЖО ҰДО) - жүйелiк оператордың құрылымына кіретін, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін (бұдан әрі - Қазақстан БЭЖ-і) жедел басқару мен электр энергиясын теңгерімдеу және оның сапасын қамтамасыз етудi қоса алғанда, оның жұмыс сенімділігі үшін жауап беретiн бөлiмше;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.