«Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 321 шешімі (күші жойылды)

Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 321 шешімі

 

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 170 шешімімен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қызметін Талдықорған қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 маусымдағы «Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» № 134 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 17 шілдесінде № 2415 тіркелген, «Талдықорған» газетінде 2013 жылғы 26 шілдесінде № 30 (1236) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.