«Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 426 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10584 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын (бұдан әрі - ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.»;
1-тармағының жетінші - он алтыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
2026 ж. 12 шілдеге дейін белгілеу, 1-тармағының сегізінші - он алтыншы абзацтары осы бұйрықтың 3-тармағының редакциясында қолданылды
«6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.