«Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 417 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) ақпаратты көшіру - электрондық (цифрлық) тахографтың жадындағы немесе жүргізушінің карточкасындағы ақпараттың бәрін немесе бөлігін тасымалдаушының бағдарламалық-техникалық құралдарына көшіру;
3) апта - сағат 00.00-ден бастап уақыт кезеңі дүйсенбіде сағат 24.00-ге дейін жексенбіде;
4) апталық демалыс кезеңі - жүргізуші өз уақытын еркін өткізе алатын және қалыпты апталық демалыс кезеңін және қысқартылған апталық демалыс кезеңін қамтитын апталық кезең:
қалыпты апталық демалыс кезеңі - кем дегенде 45 сағатқа созылатын кез-келген демалыс кезеңі;