Қазақстан Республикасының
Заңы
Рұқсаттар және хабарламалар туралы
(2016.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2015 жылғы 24 қарашадағы № 421-V Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚР 2015 жылғы 24 қарашадағы № 422-V Заңын қараңыз (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚР 2016 жылғы 29 наурыздағы № 479-V Заңын қараңыз (күшіне енетін мерзімін қара);
Осы Заң жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)