Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығы
(2022.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.17.11. № ҚР ДСМ-117 бұйрығымен кіріспе жаңа педакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын медициналық бұйымдардың тізбесі айқындалсын.
2. «2021 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № ҚР ДСМ - 90/2020 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21023 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.