(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ ҚОЮ» МЕМЛЕК...

Осы редакция 2016 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 293 қаулысына 3-қосымша

 

Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 293 қаулысымен бекітілген

 

 

«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласы мен облыс аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) www.egov.kz  «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.