«Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 357 бұйрығы

 «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 357 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:

Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларында:

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету осы бұйрыққа 5-қосымшада көрсетілген материалдық-техникалық қамтамасыз етуге сәйкес өз қызметін қамтамасыз ету үшін ұйымда бар техника, құрал-жабдықтар, жабдықтар, құралдар мен материалдар есебінен жүзеге асырылады»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.