«Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 267 бұйрығы (күші жойылды)

Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 267 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 322 бұйрығымен күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 160-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 30 мамырдағы

№ 267 бұйрығымен бекітілген

 

 

Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 160-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану тәртібін айқындайды.

Қағидалар республикалық және жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша берешекке қатысты қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.