Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/113 қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы» 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 тіркелген, 2007 жылғы 20 наурызда «Арқа Ажары» газетінде және 2007 жылғы 10 сәуірде «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспеде «жергілікті мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздермен толықтырылсын;
1-тармағында «Щучье» сөзі «Бурабай» сөзімен ауыстырылсын.