Петропавл қаласының 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 1/23 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 4/24 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 85-бабының 2-тармағына, 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қаласының 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 69 084 700,6 мың теңге:
салықтық түсімдер - 28 231 229 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 936 863 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 379 975,5 мың теңге;
трансферттер түсімі - 31 536 633,1 мың теңге;
2) шығындар - 75 365 156,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -350 000 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 350 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 5 930 456,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - -5 930 456,3 мың теңге:
қарыздар түсімі - 9 746 023,3 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 4 744 741 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 929 174 мың теңге.
2. 2025 жылға арналған қалалық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салық түсімдері есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:
1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы;