Қала әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 «Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 434 Қаулысы
Қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің «Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30-18 болып тіркелген), (әкімдіктің 2024 жылғы 4 шілдедегі № 558 қаулысымен енгізілген өзгерістермен), келесідей өзгерістер енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшадағы Ережеге өзгерістер енгізілсін.
2. «Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Д. Т. Шаяхметова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын;
осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Рустам Ерболович Айткуловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
| Қала әкімі | А. Кожанбаев |
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 434 қаулысына
қосымша
Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына енгізілетін өзгерістер
1. 1 - тараудың 2 - тармағында:
3) тармақшада: