(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» СОЛТҮСТІК ҚАЗА...

Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 шешімі

 

Осы редакция 2020 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510, 704-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Кодекстің 503, 704-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын, соған сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері;

2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.

2. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан жер учаскелерінен басқа, Кодекстің 504, 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын, соған сәйкес:

1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;

2) елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;

3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер.

3. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.