(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ...

2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 12/137 шешімі

 

Осы редакция 2018 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3497 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 21 329 651,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 17 582 411 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 142 533,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 227 217 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша - 1 377 490 мың теңге;

2) шығындар - 21 029 651,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 421 584 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 303 642 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 725 226 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 721 584 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 721 584 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі - 3 642 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 725 226 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленгені ескерілсін:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 14,7 пайыз;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.