«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 72-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:
«6-тарау. Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» келесі редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
1. Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынбайтын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары:
Балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептері
| Лауазымдардың атауы | Топ санына қарай штат бірліктерінің саны | ||
| 35-тен көп болса | 26-дан 35-ке дейін болса | 25-ке дейін болса | |
| Директор | 1 | 1 | 1 |
| Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
| Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | ||
| Шаруашылық меңгерушісі | - | 1 | 1 |
| Дәрігер | 1 | 1 | 1 |
| Хатшы (іс қағаздарды жүргізуші) | 1 | 1 | 0,5 |
| Бухгалтер | 1 | 0,5 | 0,5 |
| Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы | 2 | 1,5 | 1 |
| Жабдықтар жөніндегі техник | 1 | 1 | 1 |
| Күзетші | 3 | 3 | 3 |
| Вахтер, әр ғимаратқа | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Әдістемеші-нұсқаушы лауазымы штат бірліктерінің саны спорт түрлері бойынша бөлімшелерінің санына қарай белгіленеді.
2. Оқу-жаттығу процесіне қызмет көрсету, спорттық мүкәммал мен жабдықтарды жөндеу жөнінде қызмет көрсететін механик лауазымының штат бірліктері спорт құрылыстарының санаттары мен спорт түрлері ескеріле отырып белгіленеді.