«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 429 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 429 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16210 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларында:

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар:

1) авиациялық бөлім (бұдан әрі - бөлім) - Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының жойғыш, бомбалаушы, шабуылшы, көлік, армиялық және оқу-жаттығу әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) ұшуын жүргізуді, оларды пайдалануды, жөндеуді және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиациялық қызметі Авиациялық басқармасы, авиациялық комендатуралар, авиациялық мүлік қоймалары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (бұдан әрі - ҚР МКҚ), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ІІМ) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҚР ҰҚК) құрылымдық бөлімшелері, олардың құрамына ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланатын бөлімшелер, сондай-ақ авиациялық персоналды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталықтары кіреді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.