«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 161 бұйрығы

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 161 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2019 жылғы 15 қарашадағы тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) осы бұйрықты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мүдделі мемлекеттік органдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 24 сәуірдегі

№ 161 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

ұйымдарында мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - әдістемелік ұсынымдар) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қызметкерлер, білім алушылар, үшінші тұлғалар арасында мүдделер қақтығысының туындау тәуекеліне ұшыраған салаларда шешімдер қабылдаудың әділ және объективті процесін қалыптастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі әзірледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.