«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 143 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 143 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қызметкерлерге шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі.

Болған оқиға фактісі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметкерлердің шығындарын өтеуді қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) жүзеге асырады.

Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарды өтеуді:

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге - таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге - шығарылғанға дейін өздері штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.»;

6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.