«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 Қаулысы (2018.12.12. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 Қаулысы

(2018.12.12. берілген өзгерістермен)

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес 98340696400 (тоқсан сегіз миллиард үш жүз қырық миллион алты жүз тоқсан алты мың төрт жүз) теңге көлемінде «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің «Алматы-Қорғас» автомобиль жолы учаскесіндегі «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (бұдан әрі - жоба) бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қаржы министрліктеріне жобаға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуға өкілеттік берілсін.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының 1 тармағында аталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттің қаржы міндеттемелерінің қабылдануы мен орындалуын есепке алуды жүзеге асырсын.

4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.