«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 61, 134, 156 және 180-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдістеме;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеме;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға бағалау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13411 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 наурызда жарияланған);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.