(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ ТУРИСТІК БРЕНДТЕР ТІЗІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘН...

Ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 291 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

2021 жылғы 27 қыркүйектегі

№ 291 бұйрықпен бекітілген

 

 

Ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ұлттық туристік брендтер тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.