Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығы
(2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 61-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) барлауға арналған модельдік келісімшарт, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) өндіруге арналған модельдік келісімшарт, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) бірлесіп барлауға және өндіруге арналған модельдік келісімшарт, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт, осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыктың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармакшаларында көзделген жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттар, көмірсутек шикізатын, уран мен көмірді қоспағанда, барлық пайдалы қазбалар түрлеріне қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;