«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29/НҚ бұйрығы (күші жойылды)

 «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29/НҚ бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қатысуға өтінішке мынадай құжаттар тіркеледі:

резидент заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

1) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген қажетті мәліметтерді қамтитын жобаның (жобалардың) бизнес-жоспары;

2) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен аспайтын, есепке алу салық органдарында жүргізілетін, өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік он күннен кешіктірілмей берілген берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтер;

3) өтініш берушінің қызметті жүзеге асыруды жоспарлаған жерін растайтын құжат. Өтініш берушінің орналасқан жері өзгерген кезде бұл туралы Технопаркке дереу хабарлайды;

4) жобаны іске асыру үшін бейрезиденттер мен резиденттерді тартуға жоспарланатын саны туралы мәліметтер (болжамды саны мен мерзімі).»;

24-тармақ алып тасталсын;

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.