«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №375 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 388 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №375 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 388 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 375 бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларындағы:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығын қоспағанда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.»

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. ІІО қызметтік көлігі мемлекеттік меншік болып табылады және ұқыпты қарауды және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 210003 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 223 бұйрық) белгіленген пайдалану мерзімі ішінде тиісінше пайдалануды талап етеді.»

6-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

«20) автокөлік құралдарын пайдалану және есепке алу электрондық жүйесі - қызметтік автокөлік туралы мәліметтер базасын қалыптастыра отырып, ІІО автопаркін мониторингтеу және басқаруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.