«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 310-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген) жаңа өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы - тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже бекітілсін.»;