(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2015.31.07 № 599 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2016 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 31 шілдедегі

№ 599 қаулысымен

бекітілген

 

 

Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді және банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

2. Ішінара кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) кәсіпкер - өз жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкер;

2) кепілдік беру - микроқаржы ұйымын мемлекеттік қолдаудың Бағдарламада, осы Қағидаларда және кепілдік шартында айқындалған талаптармен микроқаржы ұйымының кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуі ретінде кепілдік беру түрінде пайдаланылатын нысаны;

3) кепілдік шарты - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша микрокредит беру жөніндегі уәкілетті орган, банк пен микроқаржы ұйымының арасында жасалған кепілдік беру туралы жазбаша келісім;

4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.