«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 628 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 575/НҚ бірлескен бұйрығы (2025.21.12. берілген өзгерістермен)

«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 628 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 575/НҚ бірлескен бұйрығы

(2025.21.12. берілген өзгерістермен)

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабы 1-1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.