3. Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.
29-бап. Тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, жекелеген жағдайларда азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, жұмсау кезіндегі міндеттері
1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:
1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:
заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
коммерциялық мақсаттарда жүргізілетін қоғамдық пікірге сауал жүргізу мен әлеуметтанушылық сауал жүргізуді қоспағанда, қоғамдық пікірге сауал жүргізуді, әлеуметтанушылық сауал жүргізуді зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Осы тармақта көзделген талаптар:
1) мемлекеттік мекемелерге;
2) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттардың депутаттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттарына, әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;
4) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге;
5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;
6) жеке практикамен айналысатын адамдардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;
9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
15) төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салық органдарының осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар туралы дерекқорды жүргізу тәртібін, көрсетілген мәліметтер мен орналастыруға жататын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға қосу және одан алып тастау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізілімін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасы туралы;
2) есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кеткен сомасын салық төлеушіге бюджеттен қайтару сомасы туралы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің сомасы туралы;
4) әрекет етпейтін салық төлеушілер туралы;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Кодекстің 19 және 29-баптарында көзделген жағдайда, уәкілетті органның интернет-ресурсындағы дерекқорда орналастыруға жататын;
6) салық төлеушінің таратуға (қызметін тоқтатуға) байланысты салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті ұсынуы туралы;
7) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы;
8) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есепке жазылған сомасы туралы;
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауаптылық шаралары туралы;
10) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi:
сәйкестендіру нөмiрi;
жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
дара кәсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;
салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қойған күн, тiркеу есебiнен шығарған күн, тiркеу есебiнен шығарудың себебi;
қызмет түрі;
қызметтi тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күнi;
салық төлеушiнiң резиденттiгi;
бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
қолданылатын салық режимі туралы;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигі туралы;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынбауы туралы;
13) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын;
14) салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициенті туралы;
15) - 17) тармақшалар 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) жеке тұлғалар декларациясын тапсырған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы;
2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығының асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талаптың бар (жоқ) екендігі туралы;
17) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жариялануға жататын;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне қарай санаттау нәтижелері туралы;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19) салықтық есептілікте көрсетілген жалдамалы жұмыскерлердің саны туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салықтық құпияны құрайды.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпия болып табылатын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға бере алмайды.
3. Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тергеу судьясы, прокурор санкциялаған қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы уәжді сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне ұсынады. Мұндай мәліметтерді тергеу судьясы, прокурор сұратқан жағдайда, санкция талап етілмейді;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер салық төлеуші қаралатын істің тарапы болып табылған жағдайларда, сот төрелігін іске асыру кезінде жіберілген жолданымдары (өкімдер, талаптар, тапсырмалар, сұрау салу) негізінде сотқа және судьяларға;
3) жеке сот орындаушысының не аумақтық бөлімнің мөрімен расталған қаулының негізінде іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына;
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдер жүргізілетін борышкерге қатысты өз құзыреті шегінде қаржы басқарушысына;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік статистика, сауда қызметін реттеу, сыртқы сауда қызметі, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария саласындағы, мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау саласындағы, көмірсутектер, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржолдар бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау, ақпараттандыру саласындағы орталық мемлекеттік органдарына, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына, монополияға қарсы органға және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Қазақстан Республикасының осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.
Салықтық құпияны құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тәртібі мен тізбесі уәкілетті органмен бірлескен актілерде белгіленеді;
2023.12.07. № 25-VIІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық мемлекеттік органға, қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкiлетті мемлекеттік органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкiлетті органға және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
6) салықтық тексеру жүргізуге маман ретінде тартылған адамға;
7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға;
9) мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы және жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер бөлігінде жергілікті атқарушы органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген органдар салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
10) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға;
11) тармақшаның қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 6-бабының редакциясында қолданылды
11) валюталық бақылауды жүзеге асыру және оларды кейіннен валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажет мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады;
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына жеке тұлғалар жүзеге асырған төлемдер мен аударымдардың сомаларына қатысты ақпаратты уәкілетті органның алуы мақсатында осы Кодекстің 778-бабында көрсетілген мәліметтер бөлігінде екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, төлем ұйымдарына;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде апелляциялық комиссияның мүшелеріне;
13) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарын қарау кезінде қажетті мәліметтер бөлігінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарауды жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен салық органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтер бөлігінде уәкілетті мемлекеттік органдарға;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына ұсынады.
Көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4. Салық органдары «Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етуді жүргізу процесінде алған салық төлеуші туралы мәліметтер мен ақпаратқа осы баптың 3-тармағының нормалары қолданылмайды.
5. Салықтық құпияға қол жеткізе алатын адамдар өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде де, сондай-ақ оларды атқаруды аяқтағаннан кейін де салықтық құпияны жария етпеуге тиіс.
6. Салықтық құпияны құрайтын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Мыналар:
1) электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.
Бұл ретте сақтауға берілген мұндай деректерді пайдалануды уәкілетті орган ғана жүзеге асырады.
Электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін беру және сақтау уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдар айқындайтын тәртіпке және мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеуінің дұрыстығын, аударуының толықтығын және уақтылығын бақылауды жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық мемлекеттік орган алған мәліметтерді беру;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алған мәліметтерді:
Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы тергеп-тексерулерін жүргізу кезінде үшінші елдің және (немесе) үшінші елдер одағының құзыретті органына;
Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты өтемақы тергеп-тексеруі жүргізілген жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретті органына;
Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.
Мұндай ақпаратты беру Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу және үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) жеке тұлғаның көлік құралы салығын төлеуі үшін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге беру;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Кодексте көзделген салықтық міндеттемелерді орындау үшін дара кәсіпкердің заңды мекенжайы туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге беру;
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) ақпараттандыру саласындағы орталық мемлекеттік органның «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру үшін алынған мәліметтерді мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу мақсатында беруі салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.
4-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Салықтық міндеттеме
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салықтық міндеттеме деп танылады, соған орай салық төлеуші осы Кодекстің 36-бабының 2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасауға міндетті.
2. Мемлекеттің салық органы арқылы салық төлеушіден (салық агентінен) салықтық міндеттемесін толық көлемде орындауды талап етуге, ал салықтық міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, осы Кодексте айқындалған тәртіппен оны қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.
32-бап. Салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект
Мүлік пен әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) солардың негізінде салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салықтық база салық салу объектісінің құндық, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомасы айқындалады.
1. Салықтық мөлшерлеме салық салу объектісінің немесе салықтық базаның өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін төлемді есептеу бойынша салықтық міндеттеменің шамасын білдіреді.
2. Салықтық мөлшерлеме салық салу объектісінің немесе салықтық базаның өлшем бірлігіне пайыздармен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі салықтық кезең деп түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салықтық база айқындалады, салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомасы есептеледі.