85-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті орналасқан жеріндегі салық органына, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) егер салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса;
2) егер мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бергі кезеңі үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса, беруге құқылы.
Осы тармақтың ережесі өздеріне қатысты банкроттық рәсімі қолданылған салық төлеушілерге қолданылмайды.
Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңының 7-2-бабын қараңыз
Қосылған құн салығын төлеуші бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне ауысуына байланысты қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін осындай арнаулы салық режимін қолдану басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды сақтамай-ақ осы тармақта көрсетілген салықтық өтінішті береді.
2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтiнiшке қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органдары осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған кезде, салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізуге міндетті. Осындай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күн болып табылады.
Салық органдары салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан мынадай:
1) салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен;
2) мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бергі кезең үшін салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайларда, бас тартады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 213-бабының 1-тармағында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынған салық төлеушілерге қолданылмайды.
Салық органдары осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушіні бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану басталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруға міндетті.
Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, салық төлеушіге жеке қолын қойдыру арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару, салық төлеушіні хабардар етпестен, мынадай:
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы немесе ойын бизнесі бойынша салықтық есептілікті осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткен соң ұсынбаған;
2) жазбаша түсінік ұсыну үшін осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банктік шоттар болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;
3) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;
4) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған;
5) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде заңды тұлғаны қайта тіркеу жарамсыз деп танылған;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам:
әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға;
болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасының аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі өткен шетелдік-жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам;
әрекет етпейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
әрекет етпейтін заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған;
7) осы Кодекстің 91-бабында айқындалған тәртіппен салық төлеуші әрекет етпейтін деп танылған жағдайларда, жүргізіледі.
5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жеріндегі салық органы:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
Осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады;
2) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;
3) осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;
4) салық органы соттың дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап;
5) салық органы соттың заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;
2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғалар үшін - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;
3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында аталған тұлға үшін - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеуші органда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған қайта тіркелген күннен бастап;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда - осы Кодекстің 58, 60, 65 және 66-баптарында көрсетілген салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш не қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;
2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда - таратудың салықтық есептілігі және беру актісі ұсынылған күннен бастап;
3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда - осы Кодекстің 64-бабында көрсетілген салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда - осы Кодекстің 78-бабының 1-тармағында айқындалған тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тасталған күннен бастап жүргізіледі.
8. Қосылған құн салығын төлеуші банкроттық себебі бойынша таратылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.
9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
4-параграф. 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
5-параграф. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі
88-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою
1. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға мынадай қызмет түрлерін:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды өндіруді;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;
3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруді;
4) алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;
5) темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
7) 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңына сәйкес 8) тармақшаның қолданысы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 7-3-бабының редакциясында қолданылды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес акциз төлеу жүргізілген акцизделетін тауарлардың импортын қоспағанда, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде, осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды);
9) 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
10) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.
2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жеріндегі салық органдарында жүргізіледі.
3. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензияның қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында (темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізуді қоспағанда) көрсетілген қызмет түрлері бойынша лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі деректерінің негізінде жүргізіледі.
Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 5) (темекі бұйымдарын өндіруді қоспағанда), 6 - 10) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетiлген хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Хабарламаға мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде - мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiне меншiк немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде - мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), автожанармай құю станциясына меншiк немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе автожанармай құю станциясын иеленушімен жасалған, оған сәйкес автожанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген өкіл) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газахолды және (немесе) бензанолды бөлшек саудада өткізуді өтініш берушінің (сенім білдірушінің) атынан немесе оның тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын тапсырма шартының не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;
осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде - темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізу кезінде қоймалық үй-жайға меншiк құқығын немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Тапсырма шартын және мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартын қоспағанда, шарттардың қолданылу мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс.
Салыстырып тексеру үшiн шарттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, шарттардың көшiрмелерiн нотариат куәландыруға тиіс.
6. Салық органы салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды:
1) хабарлама берілген күннен бастап;
2) лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемесі (стационарлық орындар) болған жағдайда тіркеу есебіне қою әрбір ойын мекемесі (стационарлық орын) бойынша бөлек жүзеге асырылады.
Стационарлық орын ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын болып табылады.
8. Ойын мекемесінің (стационарлық орынның) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді пайдалануға және олардың болуына тыйым салынады.
9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болған кезде әрбір салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні тіркеу есебі бөлек жүргізіледі.
10. Осы баптың 1-тармағы 1) - 5) тармақшаларының мақсаттары үшін салық салуға байланысты объектілер деп мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі, мұнай өнімдері базасы, резервуар, автожанармай құю станциясы, мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартында немесе мұнай өнімдерін өндірушімен (мұнайды берушілер үшін) жасалған шартқа қосымшада (ерекшелікте) көрсетілген мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және мұнай өнімдері шығарылымының көлемі, осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.
89-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тiркеу деректерiн өзгерту және толықтыру
1. Тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде салық төлеушi өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жеріндегі салық органына осы Кодекстiң 88-бабының 4-тармағында көрсетiлген хабарламаны беруге мiндеттi.
2. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 88-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді жүргізеді.
Осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші хабарламаға осы Кодекстің 88-бабының 5-тармағында көрсетілген, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгергенін растайтын құжатты қоса береді.
Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда шарттардың және (немесе) шартқа қосымшалардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.
90-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару
1. Салық органы салық төлеушіні лицензиялауға жатпайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен осы Кодекстің 88-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген хабарлама негізінде мынадай:
1) осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру тоқтатылған;
2) тіркеу деректерінде көрсетілген барлық салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті есептен шығарылған жағдайларда, шығаруға тиіс.
2. Салық органы салық төлеушіні лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынған лицензия қолданысының тоқтатылуы туралы мәліметтердің негізінде жүргізеді.
3. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін хабарлама осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы саны есептен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің тіркелген жеріндегі салық органына ұсынылады.
4. Салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару салық органының шешімі негізінде:
1) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің:
мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiн жалға алу;
мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), автожанармай құю станциясын жалға алу;
автожанармай құю станциясын иеленушімен жасалған, оған сәйкес автожанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген өкіл) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек саудада өткізуді оның атынан немесе өтініш берушінің (сенім білдірушінің) тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын тапсырма;
мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу;
темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізу кезінде қоймалық үй-жайды жалға алу шартының қолданысы тоқтатылған;
2) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;
3) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнен кейін үш айлық кезең ішінде оларды ұсынбаған жағдайларда, жүргізіледі.
5. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің тiркелген жеріндегі салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
6. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
6-параграф. Салық төлеушіні әрекет етпейтін, тарату, қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату сатысында тұрған деп тану
91-бап. Әрекет етпейтін салық төлеуші
1. Әрекет етпейтін салық төлеушілерге әрекет етпейтін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.
2. Осы Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салықтық кезең үшін:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны;
2) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең үшін ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны;
3) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі екі салықтық кезең үшін жеңілдетілген декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны ұсынбаған резидент-заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекет етпейтін заңды тұлға болып танылады.
3. Осы Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салықтық кезең үшін:
жеке табыс салығы бойынша декларацияны;
егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең үшін ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны;
егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі екі салықтық кезең үшін жеңілдетілген декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны;
соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбаған дара кәсіпкер әрекет етпейтін дара кәсіпкер болып танылады.