«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-ІV Салық кодексі (Салық кодексі) (2025.01.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

7. Осы Кодекстің 59-бабының 6-тармағына және 66-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.

Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

 

 

11-тарау. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІҢ, ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ, АЙЫППҰЛДАР МЕН ӨСІМПҰЛДЫ АУДАРУ БОЙЫНША МІНДЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

 

97-бап. Жалпы ережелер

1. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды салық органдары салық төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

2. Салық төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

3. Салық төлеушінің жеке шоты ұлттық валютада жүргізіледі.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мыналар:

салық төлеуші салықтық есептілікте;

салық органдары - осы Кодекстің 493 және 532-баптарында белгіленген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;

уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша айқындаған сома (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын сома) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы болып табылады.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық органы:

салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;

салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары бойынша;

5-тармақтың төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша;

салық төлеушінің (салық агентінің) деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары бойынша;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық органдарының осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуы бойынша тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша ұсынған мәліметтері негізінде айқындаған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің сомасы (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын сома) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомасы болып табылады.

6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарын қолдану мақсатында есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі де қосылған құн салығының сомасын азайту болып табылады.

7. Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, өсімпұл бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептеледі.

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Салық органдары салық төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді көшірмені салық төлеушінің сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде береді.

 

98-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер, әлеуметтiк төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргiзу

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді.

2. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтықтар болған жағдайда, алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотына түзетулер енгізіледі.

 

99-бап. Қаулыны орындаудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындаудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес, салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасы салық органының шешімі негізінде осындай шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының есептен шығаруына жатады.

 

100-бап. Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру тәртiбi

1. Салық органы есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру туралы сұрау салу негізінде осындай мәліметтерді:

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) тіркеуші органға - сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) басқа мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілуі көзделген тұлғаларға, салық төлеушіге - сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерге сұрау салу және оларды осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға беру электрондық нысанда жүзеге асырылады.

2. Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылады.

3. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, есебі салық органында жүргізілетін берешектің осындай тұлғаларда жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 58, 59 және 60-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.

4. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде есебі салық органында жүргізілетін берешектің осындай тұлғаларда жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде беріледі.

 

 

1-параграф. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару

 

101-бап. Жалпы ережелер

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күніне салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің аталған түрі, өсімпұл бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (азайтылғанды шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы болып табылады.

Алдыңғы салықтық кезеңдердегі қосылған құн салығы бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтық кезеңде бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (азайтылғанды шегергенде) қосылған құн салығының сомалары арасындағы оң айырма артық төленген (өндіріп алынған) қосылған құн салығы сомасы болып табылады.

Тіркеу алымдарының, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты беру үшін алынатын алымдардың, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақының, мемлекеттік баждың төленген сомалары - жүзеге асырылуы үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттерді жасамауы (оның ішінде, салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіштерде растаған жағдайда, артық төленген болып танылады.

Орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомалары орман пайдалануға арналған ағаш кесу билетi пайдаланылмаған жағдайда, артық төленген төлемдер болып танылады.

2. Осы Кодекстің 672-бабына сәйкес бейрезидент-салық төлеушіге қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы да табыс салығының артық төленген сомасы болып табылады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға және қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемақыларды қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды ұлттық валютада мынадай тәртіппен:

тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша - осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;

жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша - тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген не электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіште алынған, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.

4. Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен:

1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда - салық органдары осындай өтінішті тіркеген күннен бастап;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өтінішсіз есепке жатқызуды жүргізген жағдайда - салық төлеушінің жеке шотында артық төленген сома түзілген күннен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды бюджетке салықтық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде оның банктік шотына жүргізеді.

Салық органы салықтық берешегі болған кезде есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, орын алған салықтық берешекті өтеу есебіне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды жүргізеді.

Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылса, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу - есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш ұсынылмастан, заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салықтық берешегін өтеу есебіне жүргізіледі.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.

5. Мыналар:

1) есепке жатқызуға жатпайды:

заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне;

мемлекеттік баждың төленген сомасы;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) мыналар:

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алымның, консулдық алымның, мыналарды:

жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені, жануарлар дүниесін пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомасы, осындай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда;

есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлар үшін акциздердің артық төленген сомасы, салық төлеушінің осындай тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтату және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтару жағдайларын қоспағанда;

салықтың, жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақының артық төленген (өндіріп алынған) сомасы - осындай салықтар, төлемақылар бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда оны ұсыну күніне дейін;

аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген өткізу қағидаларының бұзылуына байланысты, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион жарамсыз деп танылған жағдайды қоспағанда, қол қойылған бонустың төленген сомасы;

«Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін төленген алым сомасы, мұндай сомаларды қате төлеу немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты беруден бас тарту жағдайларын қоспағанда, есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Салық органы есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі бұзылып жүргізілген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасына арналған салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлды есепке жазады. Өсімпұл есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күнін қоса алғанда, есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

Есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсетін түсімдердің есебінен салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу (немесе) қайтару жүргізілген күні салықтық өтініште көрсетілген салық төлеушінің банктік шотына аударылуға жатады.

7. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

102-бап. Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу

1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы:

1) салық төлеушінің өтінішінсіз - осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес;

2) салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша - осы баптың 4-тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатады.

2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз мынадай реттілікпен:

2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) артық төленген сома түзілген - белгілі бір салық түрі, мыналарды: жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер еткені, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - төлемақы) бойынша орындалу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің есебіне;

2) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;

3) артық төленген сома түзілген - белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша өсімпұлды өтеу есебіне;

4) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша өсімпұлды өтеу есебіне;

5) артық төленген сома түзілген - белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша және салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.

3. Өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз мынадай реттілікпен:

1) артық төленген өсімпұл сомасы түзілген - белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша өсімпұлдың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің есебіне;

2) артық төленген өсімпұл сомасы түзілген - белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша бересіні өтеу есебіне;

3) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;

4) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша өсімпұлды өтеу есебіне;

5) артық төленген сома түзілген - белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша және салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.

4. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша:

1) бюджетке салықтық берешек болмаған кезде осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне;

2) құрылымдық бөлімшесі (құрылымдық бөлімшелері) бар заңды тұлға болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша - осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) салықтық берешегін өтеу есебіне;

3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша - осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне жүргізіледі.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Электрондық байланыс арналары арқылы жіберілген салық төлеушінің келісімі болған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз, бюджетке салықтық берешек болмаған кезде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.

 

103-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару

1. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:

1) төлем құжатында:

салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;

орналасқан жері бойынша салық және бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасы төленуге тиіс салық органының сәйкестендіру нөмірінің орнына басқа салық органының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген;

төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;

2) екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;

3) ақша жөнелтуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;

4) ақша жөнелтуші - салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын кездегі сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.

2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

1) салық төлеушінің салықтық өтініші;

2) екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - екінші деңгейдегі банктің өтініші);

3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама бойынша жүргізіледі.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған;

салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

4. Салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке алу жүргізілетін салық органына ұсынылады.

5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бірінің бар екенін растаған жағдайда, осы салық органы:

1) қате төленген соманы бюджет сыныптамасының тиісті кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;

2) салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.

6. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сол бір төлем құжаты бойынша салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасын қайтадан аударуға алып келген салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате фактісі расталған кезде екінші деңгейдегі банктің өтініші бойынша қате төленген соманы:

ақша банктік шоттан есептен шығарылған немесе төлем банкоматтар арқылы жүзеге асырылған жағдайда - салық төлеушінің банктік шотына;

ақша екінші деңгейдегі банкке қолма-қол ақшамен енгізілген немесе төлем электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырылған жағдайда - екінші деңгейдегі банктің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.

7. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда, осы салық органы осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіге қатенің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.

 

104-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару

1-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 8-бабының редакциясында қолданылды

2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)