Осы тармақшаның ережесі осы Кодекстің 96-бабының 4-1-тармағында көрсетілген кезеңде және жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган немесе сот осы Кодекстің 96-бабының 4-тармағында көрсетілген шешімге шағымды қараған кезеңде қолданылмайды.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша;
7) қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларациядағы салық төлеушiнiң талабы бойынша;
8) бейрезиденттiң қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшi бойынша, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайтадан қарау туралы өтініш жасауына байланысты;
9) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша;
10) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау мәселелері бойынша;
11) уәкілетті органның шешімі негізінде;
12) осы Кодекстің 142-бабының 5-тармағында, 144-бабының 2-тармағында және осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларда салық органының шешімі негізінде жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жоспардан тыс салықтық тексерулер бұрын тексерілген кезеңге жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңге жоспардан тыс (кешенді немесе тақырыптық) салықтық тексерулер:
салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;
қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомаларын қайтару туралы талап бойынша;
салық төлеушінің осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша;
салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.
5. Салық төлеуші (салық агенті) сотқа тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда, бұрын тексерілген кезеңге шағым жасалған мәселе бойынша жоспардан тыс кешенді және (немесе) тақырыптық тексерулер сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.
6-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. Салық төлеуші деңгейлес мониторингте болған салықтық кезеңдерге мыналарды:
қарсы тексерулерді;
салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;
салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеру жүргізілмейді.
7. Қосымша нұсқама ресімдеу арқылы тексерілетін кезең өзгертілген және осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін тексерілетін кезеңге салықтық тексеру аяқталған жағдайда, алдыңғы салықтық тексеруді тағайындауға себеп болған негіздер бойынша салық органы тексерілетін кезең өзгергенге дейін бұрын нұсқамада көрсетілген, тексерілмеген салықтық кезеңге салықтық тексеруді тағайындауы мүмкін.
2-параграф. Салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі мен мерзімдері
146-бап. Салықтық тексерулерді жүргiзу мерзiмi
1. Нұсқамада көрсетілетін салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, нұсқама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - қырық бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы - алпыс жұмыс күніне дейін;
2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден астам тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - жетпіс бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - алпыс жұмыс күніне дейін;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
4. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өту барысын салық органдары:
салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талаптарын салық төлеушіге (салық агентіне) табыс ету және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезінде сұратылған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуы;
салық органының сұрау салуын басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға жіберу және көрсетілген сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу;
шет мемлекеттерге ақпарат беру туралы сұрау салу жіберу және халықаралық келісімдерге сәйкес салық органдарының ол бойынша мәліметтер алуы;
салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылықты дайындауы және оны салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қарауы кезеңінде тоқтата тұруы мүмкін.
Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) құқықтық статистика органын хабардар ете отырып, тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оған қолын қойғызып табыс етуге немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық тәсілмен жіберуге міндетті. Бұл ретте салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама салық органы веб-қосымшаға осындай хабарламаны жеткізген күннен бастап электрондық тәсілмен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді деп есептеледі. Бұл электрондық тәсіл осы Кодекстің 86-бабында айқындалған тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтата тұру мерзімі:
1) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерді;
2) резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің таратылуына, бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін;
трансферттік баға баға белгілеу;
қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау;
бейрезиденттің өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша салық агенттерін тексеру;
тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердің;
4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік кодексінде көзделген негiздер бойынша жүргiзiлетiн;
5) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 161-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) ұсыну туралы салық органының талабын қойған жағдайда;
6) салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі шығарылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 6) тармақшаларында көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне кіреді.
6. Егер осы баптың 5 және 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, ұзарту немесе тоқтата тұру мерзімдерін ескере отырып, кешенді немесе тақырыптық тексеруді жүргізу мерзімі:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін - алпыс жұмыс күнінен;
2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден астам тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер үшін - бір жүз сексен жұмыс күнінен аспауға тиіс.
7-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 21-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу, оны ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 431-бабында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде нұсқамада көрсетілген мерзім отыз жұмыс күнінен аспайды.
Осы бапта көзделген салықтық тексеру мерзімінің өтуін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде қолданылмайды.
Хронометраждық зерттеп-қарау, егер тексерілетін тұлға өз қызметін көрсетілген уақытта және күндері жүзеге асыратын болса, жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс, мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 147-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
147-бап. Салықтық тексеру туралы хабарлама
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Салық органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе табыс етеді.
2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша жіберіледі немесе табыс етіледі.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген хабарлама пошта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша болмаған жағдайда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеруді жүргізу хабарламай жүзеге асырылады.
4. Хабарламада салықтық тексерудің нысаны, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеруді жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) тексеруді жүргізу үшін қажетті, салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуы немесе жойып жіберуі мүмкін деген негізделген тәуекел болған не тексеруді мүмкін етпейтін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда, салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталғаны туралы хабарламастан тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеруді бастауға құқылы.
Салық органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органының жазбаша рұқсаты негізінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламастан жүзеге асырады.
148-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін негіз
1. Салықтық тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі, онда мынадай мәліметтер:
1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірі;
2) нұсқама шығарған салық органының атауы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы;
5) тексерудің нысаны мен түрі;
6) тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
7) салықтық тексеруді жүргізу мерзімі;
8) хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, тексерілетін кезең қамтылуға тиіс.
Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.
2. Тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада:
1) осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалған кезде аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәлiметтер;
2) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 19) - 23) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.
3. Хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, салықтық тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада тексеру нысанына қарай тексерілуге жататын мәселелер көрсетіледі.
Кешенді тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің түрлері нұсқамада көрсетілмейді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қоюға тиіс.
Қарсы тексерулерді, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізуге арналған нұсқамаға салық органы басшысының орынбасары не оны алмастыратын адам қол қоюы мүмкін.
Нұсқама Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін.
5. Осы Кодекстің 146-бабында көзделген салықтық тексеруді жүргізу мерзімдері ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделеді, онда алдыңғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіледі.
Қосымша нұсқама нысанын уәкілетті орган бекітеді.
6. Осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.
149-бап. Салықтық тексерулерді жүргізудің басталуы
1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқама табыс етілген күн салықтық тексеру жүргізудің басталған күні болып есептеледі.
2. Тексеруді жүргізетін салық органының лауазымды адамы нұсқаманы салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді.
Нұсқаманы табыс еткен кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органы нұсқамасының данасына нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолын, сондай-ақ нұсқаманы алған күні мен уақытын қояды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерге қолданылмайды.
3. Осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге (салық агентіне) немесе оның тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды немесе қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жұмыскеріне нұсқаманың түпнұсқасы танысу үшін көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі.
Нұсқама түпнұсқасына салық төлеушінің (салық агентінің) немесе оның тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жұмыскерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.
4. Нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, салық органының лауазымды адамы салық органы нұсқамасының данасына тиісті жазба жазады және куәгерлерді (кемінде екеу) тарта отырып, салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы туралы акт жасайды.
Бұл ретте салықтық тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы алудан бас тарту туралы актіде:
2) акт жасаған салық органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
5) нұсқаманы алудан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
Салық органының нұсқамасын алудан салық төлеушінің (салық агентінің) бас тартуы салық органының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді.
Осы тамақтың ережелері осы Кодекстің 154-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.
6. Салық төлеуші (салық агенті) нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, салық төлеушінің (салық агентіның) нұсқаманы алудан бас тартуы туралы акт жасалған күн тексеру жүргізудің басталған күні болып есептеледі.
7. Салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде осы тексеруді:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші;
2) егер тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілсе, қылмыстық істің тоқтатылуы бойынша тоқтатуға жол берілмейді.
150-бап 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
150-бап. Тексерудің стандартты файлы
1. Тексерудің стандартты файлы салық органдарының ақпараттық жүйелері арқылы талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық форматтағы бухгалтерлік есепке алу деректерін білдіреді.
Салық төлеуші (салық агенті) тексерудің стандартты файлын салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осындай файлды салық органдарының ақпараттық жүйесіне жүктеу арқылы ерікті түрде ұсынады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Салықтық тексеру, оның ішінде салық төлеуші (салық агенті) тексерудің стандартты файлын ұсынған жағдайда тексерудің стандартты файлы қолданыла отырып:
тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеру жүргізу кезінде - нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;
жоспардан тыс салықтық тексеруді жүргізу кезінде - нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.
Стандартты файлдың нысанын және оны жасау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
151-бап. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу ерекшеліктері
1. Хронометраждық зерттеп-қарау салық төлеушінің және (немесе) оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу үшін салық органдары зерттеп-қаралатын салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді өзі дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналарға:
1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау жүргізілуге тиіс. Салық органдарының, қажет болған кезде, салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;
2) ақшаның, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-қаралатын салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге байланысты өзге де құжаттардың болуына;
3) бақылау-касса машинасының фискалдық есебіне зерттеп-қарау жүргізілуге тиіс.
3. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдары хронометраждық-байқау карталарына зерттеп-қарау барысында алынған мәліметтердің толық және дәл енгізілуін күн сайын қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір кіріс алу көзіне бөлек хронометраждық-байқау картасы жасалады, онда мынадай мәліметтер:
1) салық төлеушінің атауы, сәйкестендіру нөмірі және қызмет түрі;
2) зерттеп-қарауды жүргізу күні;
3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері;
4) хронометраждық зерттеп-қараудың басталу және аяқталу уақыты;
5) өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;
6) зерттеп-қаралатын салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект жөніндегі деректер;
7) зерттеп-қарау нәтижелері қамтылады.
4. Күн сайын зерттеп-қаралатын күннің соңында барлық зерттеп-қаралатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да кіріс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.
5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық салықтық зерттеп-қарау актісіне қоса беріледі.