«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-ІV Салық кодексі (Салық кодексі) (2025.01.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

4. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын, салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда, қанағаттандырады.

5. Уәкілетті органға шағымды берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде оны кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдер сақталған жағдайда, оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

Салық төлеуші (салық агенті) тақырыптық тексеру тағайындалған күннен бастап оны аяқтаған күнге дейінгі кезеңде шағымды кері қайтарып алуды жүргізуге құқылы емес.

 

179-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.

2. Шағымда:

1) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;

2) шағым беретін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

3) сәйкестендіру нөмірі;

4) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;

7) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

5. Шағымға:

1) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

2) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

 

180-бап. Шағымды қараудан бас тарту

1. Уәкілетті орган мынадай:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымды осы Кодекстің 178-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы осы Кодекстің 179-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.

2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, шағым тіркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiге (салық агентiне) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабар береді.

Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабар береді.

3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойған болса, оны осы Кодекстiң 178-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайтадан беру құқығынан айырмайды.

 

181-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі

1. Осы Кодекстің 183-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал салықтық мониторингке жататын салық төлеушілердің шағымдары бойынша шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжді шешiм шығарылады.

2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен тақырыптық тексеру, сондай-ақ қайталама тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағым жасаған мәселелер шегінде қаралады.

4. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында ұсынбаған құжаттарын берген жағдайда, уәкілетті орган мұндай құжаттардың анықтығын осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық тексерулер барысында анықтауға құқылы.

5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда:

1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салулар жіберуге;

2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;

3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесулер өткізуге;

4) салықтық тексеруді жүргізуге қатысқан және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.

6. Шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

 

182-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

1. Уәкілетті орган тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау үшін апелляциялық комиссия құрады.

Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.

Уәкілетті орган шағымды қарау біткен соң апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, уәжді шешім шығарады.

2. Уәкілетті орган тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарлама - өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

2) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.

2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Шағым бойынша шешiм жазбаша нысанда шағым берген тұлғаға жіберіледі немесе табыс етіледі, ал көшiрмесi салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына жіберіледi.

4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.

5. Осы Кодексте айқындалған негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

 

183-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту

1. Осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай:

1) тақырыптық және қайталама тақырыптық тексерулер жүргізген жағдайда - осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен осындай тексерулер тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өткен күнге дейінгі уақыт кезеңіне;

2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салу жіберген жағдайда - осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

2. Уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру туралы салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.

3. Осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыру (толықтырулар) ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.

Бұл ретте осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтырулар берудің әрбір жағдайында, осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;

2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.

Осы тармақшаға сәйкес шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама жібереді.

 

184-бап.Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:

1) шешім қабылданған күн;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жіберілген уәкілетті органның атауы;

3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы;

4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

5) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;

6) шағымның мәні;

7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.

 

185-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары

Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.

Уәкілетті органға шағым берілген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы шағым бойынша шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Салық төлеуші (салық агенті) сотқа арыз берген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалатын бөлігінде орындалуы соттың арызды іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

 

186-бап.Тақырыптық тексеруді тағайындау және жүргізу тәртібі

1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда, тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжат тексеруге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.

Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалатын салықтық тексеруді уәкілетті салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмайды.

3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы осындай тексеруді жүргізу туралы құжатты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

4. Деректер жеткілікті дәрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ тақырыптық тексеру барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа сұрақтар туындаған кезде уәкілетті орган оны қайтадан тағайындауға құқылы.

5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеу уәжді болуға тиіс.

 

 

22-тарау. САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

187-бап. Шағым жасау құқығы

Салық төлеушінің және салық агентінің салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.

 

188-бап. Шағым жасау тәртібі

Салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалады.

 

 

2. ЕРЕКШЕ БӨЛІК

 

 

5-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

189-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері

1. Қазақстан Республикасында мынадай:

1) салықтар:

корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

қосылған құн салығы;

акциздер;

экспортқа рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

әлеуметтік салық;

көлік құралы салығы;

жер салығы;

мүлік салығы;

ойын бизнесі салығы;

1) тармақшаның он үшінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

бірыңғай жер салығы;

2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 119-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) бюджетке төленетін төлемдер:

мемлекеттік баж;

алымдар;

мыналар:

жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны;

жер учаскелерін пайдаланғаны;

жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны;

қоршаған ортаға теріс әсер еткені;

жануарлар дүниесін пайдаланғаны;

орманды пайдаланғаны;

радиожиілікті спектрді пайдаланғаны;

қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны;

цифрлық майнинг үшін төлемақылар қолданылады.

2. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаты үшiн қосылған құн салығы, акциздер жанама салықтар деп танылады.

3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.

 

 

23-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

 

190-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және салықтық есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі салықтық есепке алу болып табылады.

Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі жай серiктестiк нысанында осындай қызмет бойынша тұтастай және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу жиынтық салықтық есепке алу болып табылады.

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Есепке алу құжаттамасы:

1) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны жүргізу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар үшін - бухгалтерлік құжаттаманы;

2) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2) осы файлдарды ерікті түрде ұсынатын тұлғалар үшін - тексерудің стандартты файлы;

3) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар үшін - бастапқы есепке алу құжаттарын;

4) салық нысандарын;

5) салықтық есепке алу саясатын;

6) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

Осы тармақтың мақсатында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде ресімделген бухгалтерлік құжаттама немесе бастапқы есепке алу құжаттары да есепке алу құжаттамасы болып танылады.

3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен белгіленеді.

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген тұлғалар осы тарауға, осы Кодекстің 24-тарауына және уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.

Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметке байланысты салықтық есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректеріне негізделеді.

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметке байланысты салықтық есепке алуы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген есептілік деректеріне негізделеді.

5. Салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес және (немесе) жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі арқылы салықтық есепке алуды ұйымдастырады және мыналарды:

1) салықтық кезең ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және анық ақпараттың қалыптастырылуын;

2) салықтық есептілік нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;

3) салықтық есептіліктің анық жасалуын;

4) салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін салықтық тіркелімдер түрінде ақпаратты қорыту мен жүйелеу нысандарын айқындайды.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің талаптарын ескере отырып өзі дербес бекіткен құжат - салықтық есепке алу саясатымен белгіленеді.

Салықтық есепке алу саясаты, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.

2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді.

 

191-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар

1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер:

1) салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес әзірлеген салықтық тіркелімдердің нысандары мен жасалу тәртібі;

2) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдардың лауазымдарының атауы;

3) осындай есепке алуды жүргізу жөніндегі міндет осы Кодексте көзделген жағдайларда, бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі;

4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда, бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі;

5) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шығыстарды шегерімдерге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдаған әдістері;

6) хеджирленетiн операцияларды жүзеге асырған жағдайда хеджирленетін тәуекелдерді айқындау саясаты, хеджирленетін құжаттар және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдары, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесі;

7) исламдық бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырған жағдайда исламдық бағалы қағаздар бойынша кірістерді есепке алу саясаты;

8) осы Кодекстiң 271-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркелген активтердiң әрбір кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;

9) қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда, осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;

10) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуге қолданылатын цифрлардың ең жоғары саны көзделуге тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 8), 9) және 10) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген тұлғаларға қолданылмайды.

2. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бекітеді.

3. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтық міндеттемені орындауының осы Кодекстің 722-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.

4. Салықтық есепке алу саясатының мынадай ережелерінің күші кемінде бір күнтізбелік жыл мерзімге қолданылады:

бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі;

корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шығыстарды шегерімдерге жатқызудың салық төлеуші таңдаған әдістері.

Қосылға құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдаған әдістерінің күші мынадай мерзімге:

осы Кодекстің 407-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында және (немесе) 407-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда - қосылған құн салығын есептеу мақсатында белгіленген кемінде бір салықтық кезеңде;

қалған жағдайларда - кемінде бір күнтізбелік жыл қолданылады.

5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және (немесе) толықтыруды мынадай:

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе оның жаңа бөлімін бекіту;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің):

1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде - тексерілетін салықтық кезеңнің;

2) шағымды берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салықтық кезеңнің;