53) салық агенті - осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды және (немесе) бірыңғай төлемді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы (бұдан әрі - интернет-платформа операторы);
Бұл ретте көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілетін интернет-платформалардың операторлары салық агенттері болып танылады;
54) салық режимі - осы Кодексте белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салықтық міндеттемені есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;
55) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
56) салықтар бойынша аудит қорытындысы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудиттің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;
57) салық төлеуші - салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
57-1) салық төлеушінің паспорты - кәсіпкерлік субъектісінің салықтық құпия болып табылмайтын және салық органы қалыптастыратын штрих-кодта қамтылатын ақпараттық картасы;
58) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты - салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомаларын, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұлдардың сомаларын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;
59) салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық форматта берілген, қабылданғаннан және теңтүпнұсқалылығы расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
60) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 3-бабының редакциясында қолданылды
60) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес алынған, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның салық төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 61) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61) салықтық берешек - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұлдардың төленбеген сомалары. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламада, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұл сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген айыппұлдар сомасы салықтық берешекке қосылмайды;
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
61-1) салықтық мобильдік қосымша - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және салық төлеушілер үшін электрондық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беретін бағдарламалық өнім;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 62) тармақша өзгертілді
62) сыйақы - мыналарға:
кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, екінші деңгейдегі банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитпен (қарызбен, микрокредитпен) байланысты;
кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін өзге де төлемдерді қоспағанда, талап ету құқығы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген заңды тұлғаға берілген кредитпен (қарызбен, микрокредитпен) байланысты;
мыналарды:
мұндай мүлік алынған (берілген) құнды;
қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдерді;
лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, қаржы лизингі шарты бойынша мүлікті беруге байланысты, оның ішінде өзара байланысты тарапқа осындай төлеу шартымен байланысты;
салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;
сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтанушы үшін сақтандырушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты;
дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан алынған сыйлықақы ескеріле отырып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төленетін төлем түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша;
вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша;
репо операциялары бойынша - репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма түріндегі;
исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер.
Осы тармақшаның мақсатында:
банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да;
Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкінің қызметін жүзеге асыру үшін ислам банкі ақшаны пайдалану мақсатында тауарды сатып алған кезде осындай тауарды сатушыға мәміле бойынша ислам банкі төлейтін тауарға үстеме баға да сыйақы деп танылады;
63) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
63) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат - осы Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде электрондық нысанда ресімделетін құжат;
64) тауарлар импорты - Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
65) тауарлармен электрондық сауда - бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
66) туроператордың көрсетілетін қызметтері - Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес өздері қалыптастырған туристік өнімді турагенттерге және туристерге өткізу жөніндегі туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның көрсетілетін қызметтері;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 67) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
67) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (бейрезидент-заңды тұлға). Осы Кодекстің мақсаттары үшін бейрезидент-заңды тұлға деп шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік түзілім түсініледі, олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па, оған қарамастан, дербес заңды тұлғалар ретінде қаралады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 67-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
67-1) тіркеуші органдар - мәліметтерді тіркеуді және сәйкестендіру нөмірі бар құжаттарды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
68) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) үшінші тұлғаның осы Кодекске сәйкес билік етілуі шектелген және (немесе) кепілге қойылған мүлкін өткізу саласында, уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;
69) уәкілетті мемлекеттік органдар - салық органдарын және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреттері шегінде салық органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
70) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
71) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
71) уәкілетті тұлға - осы Кодекстің 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жеке тұлғалар бойынша бар мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлға;
72) ұтыстар - салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі кірістердің кез келген түрі, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі кірістер;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 72-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
72-1) үш құрамдасты интеграцияланған жүйе - деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
73) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 3-бабының редакциясында қолданылды
73) электрондық салық төлеуші - Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;
74) электрондық сигареттер - электрондық технологиялардың көмегімен құрамында никотин бар сұйықтықты (картридждердегі, резервуарлардағы және электрондық сигареттерде пайдалануға арналған басқа да контейнерлердегі) қыздыратын және ішке тартуға арналған аэрозольді түзетін темекісіз бұйымдар;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 74-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
74-1) электрондық тұтыну жүйелерінде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтық - электрондық тұтыну жүйелерінде пайдалануға арналған (картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі), қыздырылған кезінде ішке тартуға арналған аэрозоль (бу) түзілетін, құрамында никотин бар сұйықтық немесе құрамында никотин жоқ сұйықтық;
75) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі - уәкілетті органның электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды қабылдауды, өңдеуді, тіркеуді, беруді және сақтауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйесі.
1) бір тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа тұлғаның үлестес тұлғасы болып танылатын;
2) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын;
3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасының қабылдайтын шешімін айқындауға құқылы болатын;
4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды адамының бақылауында болатын;
5) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды адамы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды адамы болып табылатын;
6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болатын;
7) тұлға өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, заңды тұлғаның не осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың қатысу үлестерінің 10 және одан да көп пайызын иеленетін, пайдаланатын, оған билік ететін;
8) акционерлік қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың 2) - 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды адамы болып табылатын;
9) жеке тұлға заңды тұлғаның ірі қатысушысының не лауазымды адамының жақын туысы не жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, әпке-сiңлiлері (іні-қарындастары), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылатын талаптардың біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылады.
Осы тармақтың мақсатында, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкіндегі үлесі 10 және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы ірі қатысушы деп түсініледі.
Заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі заңды тұлғаны бақылау деп түсініледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері үшін көзделген ережелер Қазақстан Республикасының аумағында ашылған және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнайы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынасында пайдаланылады.
4. Осы Кодексте пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Осы Кодексте көзделмеген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының салықтық емес заңнамасына қосуға тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, аталған шарттың қағидалары қолданылады.
3-баптың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 4-бабының редакциясында қолданылды
3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және осы Кодексте салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеушілер ретінде, сондай-ақ салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді алу және әкімшілендіру жөніндегі тиісті салықтық және өзге де рәсімдерге қатысушылар ретінде айқындалған барлық жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тармақтың күші 2024 ж. 1 наурыздан бастап 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде бұл тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 57-18-бабының редакциясында қолданылды
2. Жаңа салықты және (немесе) бюджетке төленетін төлемді белгілеу, мөлшерлемені арттыру, салық салу объектісін және (немесе) салық базасын өзгерту, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) санаттарын ұлғайту, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша шегерімнің немесе жеңілдіктің күшін жою немесе оларды азайту бөлігінде осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңдары ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 244-VIIІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
2025 ж. 1 қаңтардан бастап 2026 ж. 1 қаңтарға дейін осы Кодекстің 3-бабы 3 және 5-тармақтарының ережелері осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағын, 223 және 313-баптарын қолданған кезде салық төлеушілерге қолданылмайды
3. Осы Кодекске салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушінің (салық агентінің) жағдайын жақсарту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар ағымдағы жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы мүмкін.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде мұндай заң жобасын салық саясаты саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.
5. Қазақстан Республикасы заңдарының салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жаңа түрін белгілейтін, мөлшерлемені арттыратын, жаңа міндеттер белгілейтін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) жағдайын нашарлататын ережелерінің кері күші болмайды.
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы осы Кодексте белгіленген салық салу қағидаттарына негізделеді.
Салық салу қағидаттарына салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, салық салудың әділдігі, салық төлеушінің адалдығы, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары жатады.
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері салық салу қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы ережелерінің салық салу қағидаттарына қайшы келуі анықталған кезде, мұндай ережелер қолдануға жатпайды, егер қайшылықтар тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау кезінде анықталса, соңғысы қайта қарауға жатады.
5-бап. Салық салудың міндеттілігі қағидаты
Салық төлеуші - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімдерде салықтық міндеттемені орындауға, салық агенті салықтарды есептеуге, ұстап қалуға және аударуға міндетті.
6-бап. Салық салудың айқындылығы қағидаты
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемесінің, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
7-бап. Салық салудың әділдігі қағидаты
1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
2. Жеке-дара сипаттағы салықтық жеңілдіктерді беруге тыйым салынады.
3. Ешкімге де сол бір кезең үшін сол бір салық салу объектісі бойынша салықтың сол бір түрімен, бюджетке төленетін төлемнің сол бір түрімен қайтадан салық салуға болмайды.
8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асырудағы адалдығы көзделеді.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салықтық төлемдерді азайту мақсатында өзінің заңсыз әрекеттерінен пайда табуына жол берілмейді.
3. Егер салық төлеуші (салық агенті) салық органының алдын ала алынған жазбаша жеке-дара түсіндірмесіне сәйкес орындаған салықтық міндеттеме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе жаңа, мағынасы жағынан өзге түсіндіру жіберілсе, онда айыппұлдар мен өсімпұл салық төлеушінің есебіне жазылмай, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде салықтық міндеттеме түзетілуге (түзеуге) жатады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) жол берген Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзушылық салықтық тексерулер жүргізу барысында сипатталған болуға тиіс. Тұжырымдарды негіздеу және Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын мән-жайларды ашып көрсету салық органдарына жүктеледі.
5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Қазақстан Републикасының салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына түсіндіріледі.
9-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы қағидаты
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.