Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2026 жылғы 7 шілдедегі № 479 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы |
Б. Аленов |
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 7 шілдедегі
№ 479 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. «Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: