(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МІНДЕТТЕРДІ А...

Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 95-ө өкімінің 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1-тармақшасын, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

2) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, облыс прокуратураларына және оларға теңестірілгендерге, С. Есқараев атындағы Заңдылық, құқықтық тәртіптің мәселелерін зерттеу және прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру институтына, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жолдасын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2013 жылғы 23 қырқүйектегі

№ 101 бұйрығына қосымша

 

 

Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін
қажетті және жеткілікті дербес деректердің

тізбесі

 

1) Тегі, аты, әкесінің аты;

2) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәліметтер, ауыстыру негіздері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.