Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығы
(2020.25.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының м.а. 2020.25.12. № 161 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) ҚР Бас Прокурорының м.а. 2020.25.12. № 161 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.