Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 677 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10388 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар):
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыздық белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің болуы) бар болған жағдайда дезқұралдар есептен шығару және жою актісі (еркін нысанда) ресімделе отырып есептен шығарылады және жойылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезинфекциялық құралдардың шығыны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезинфекциялық ерітінділердің шығынын жоспарлау нормаларына сәйкес есептеледі.»;
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.