«Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының міндетуші атқарушының 2022 жылғы 31 наурыздағы № ҚР ДСМ -32 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 76 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының м.а. 2022 жылғы 31 наурыздағы № ҚР ДСМ -32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27594 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мониторингтік топтар құру және мониторинг жүргізу тәртібінің 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) электрондық ақпараттық ресурстар (бұдан әрі - ақпараттық ресурс) – электрондық жеткізгіште және ақпараттандыру объектілерінде қамтылатын электрондық-цифрлық нысандағы деректер.».