«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 245 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2018 жылға мынадай:
1) кірістер - 8 636 675 719 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 5 592 394 446 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 120 224 237 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 620 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 2 918 437 036 мың теңге;
2) шығындар - 9 370 297 588 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 113 475 991 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 236 519 381 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 123 043 390 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 36 155 287 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 36 155 287 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -883 253 147 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 1,5 пайыз;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 330 528 103 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 7,6 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 883 253 147 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»;
мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2), 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын: